Іс сот өндірісінен тоқтатылды

Азамат Б.Ж. 2023 жылғы 13 желтоқсан сағат 17:10 шамасында басқаруындағы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Хон Бен До көшесінің  бойымен басқарып келіп, азық-түлік дүкені алдында оңға қарай көлігін ыңғайлап қою барысында, оң жағында тұрған жаяу жүргінші А.С қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесімен денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірілген.

Сот отырысында Б.Ж. өз кінәсін мойындамай, дүкен алдында оңға қарай көлігін ыңғайлап қою барысында, оң жағында тұрған жаяу жүргінші автотұраққа автокөлігін орналастыру барысында автокөліктің алдына тұрып айқалағанын, автокөлікті артқа беріп автотұраққа автокөлікті орналастыру барысында автокөліктің артқы дөңгелегіне  әдейі аяғын көліктің дөңгелегіне салғанын, салдарынан құқық бұзушылық жасады деген негізбен арызданғанын көрсетті.

Жәбірленуші А.С сот отырысында оқиға болған күні үйіне «Жедел жәрдем» көлігін және сол жердегі автокөліктердің жол бермейтіндіктен полиция қызметкерлерін шақыртқанын, сол маңдағы дүкенде  жұмыс жасайтын азамат Б.Ж. автокөлігімен аяғын басып кеткенін, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсетті.

Алайда, 2023 жылғы 13 желтоқсандағы Қызылорда қаласы, Хон Бен До көшесі бойында орналасқан сауда үйінде орналасқан бейне-жазбасына қарағанда, азамат Б.Ж. автокөлікті оңға қарай көлігін автотұраққа ыңғайлап қою барысында, азаматша А.С  сол аяғын ерегіспен әдейі көліктің дөңгелегіне салғанын көруге болады.

Сот азамат Б.Ж-ның. әрекетінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деп есептеп, істі өндірістен тоқтатып, азамат Б.Ж  әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Кайнар: Қызылорда қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі  сотының  баспасөз  қызметі

Related posts