Зорлық – зомбылыққа жол жоқ

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық – зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар – намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінде зорлық – зомбылықтың алдын алу және жолын кесу  мақсатында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, әскери қызметшілердің отбасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында әйелдер кеңесі мүшелерінің бастамасымен жас офицерлер және жаңадан әскери қызметке орналасқан әскери қызметшілердің мәселелерін анықтау мақсатында тұратын үйлеріне барып, үй-тұрмыстық жағдайлары және үйленген әскери қызметшілердің отбасылық – тұрмыстық жағдайларымен танысу, жұбайларымен әңгімелесу кварталына бір рет ұйымдастырылып тұрады.       

Тәртіп апталығын өткізу аясында бөлімнің офицерлері және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жеке әңгімелесу жүргізіп, барлық жеке құрамға отбасылық зорлық – зомбылыққа жол бермеу керектігі жеткізілді. Жеке құрамның барлығы жеке міндеттеме қабылдап, отбасылық және күнделікті қызметте қылмыс жасамауы жайлы қылмыстық кодекстің заңдарымен танысты.           

«Азаптауға және зорлық – зомбылыққа қарсы шаралар» тақырыбында бөлім командирінің қатысуымен, бөлімнің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен айына бір рет ақпараттандыру сағаттары ұйымдастырылып келеді.    Алдағы уақытта жоспарланған, жоспардан тыс өткізілетін іс – шараларымыз қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық – зомбылыққа жол бермеу керек деген мақсатта өткізіледі.

Жақсылық Берікұлы
5547 әскери бөлімінің
клуб бастығы

Related posts