Жиенбаева P.A.
Кызылорда облысынын кәмелетке
толмағандардың iстерi жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы
«Апостиль» мөртаңбаның кою (кейде бұл рәсiмдi жеңілдетілген заңдастыру немесе апостильдеу деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсiмiн енгiзетiн елдерге құжаттар жолдау кезiнде-апостиль» мөртаңбаның кою қолданылатыны туралы айтылды.
Апостиль дегеніміз-бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландiратын арнайы мөртаңба болып табылады. Бір жағынан апостильдеу мейiлiнше жылдам және оны тек қана бiр өкілетті орган коюына, ал екiншi жағынан кұжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңiлдетілген деп аталады. Егер кұжаты дайындаған ел Гаага конференциясына катыспаса, оны
консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты Қазақстан Республикасынын Әділет министiрлiгiнде, Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министiрлiгi органдарында, бұдан кейiн Қазақстан Республикасына баратын елдiң консулдығында куаландыруды талап етедi. Бұл жерде құжат консулдық белгiсi бар елдiң аумағында ғана занды кушiне ие болады Сондай-ақ заңдастыру рәсiмi кұжат типiне негiзделуi мүмкiн, себебі консулдык заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негiзiнен коммерциялық кұжаттарға қатысты шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты езге кужаттар, олар ушiн жекелеген рәсiм бар-кұжат КР сауда енеркәсiп палатасында ( жуырда Қазақстанның <Атамекен» Ұлттық экономикалык палатасынын курамына кiрдi) будан кейiн баратын елдiн консулдыгында зандастырылады.