Нысанбаева Айқыз
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы
Апостиль (Apostille) — ресми құжаттарға қойылады және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қойған қолының туралығын және осы құжатқа басылған мөрдің түпнұсқалылығын куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль құжаттардың түпнұсқаларына, нотариаттық куәландырылған көшірмелерге, нотариаттық куәландырылған аудармаларға қойылады.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба ( штамп).
Кез келген құжат ұсынушының өтініші бойынша құжаттың мәтіннен бос орында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі.
Апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердің бедері анық болуы тиіс.
Ресми құжаттарға апостиль қоюда мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпортация немесе «электрондық үкіметтің « веб-порталы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландырылу мақсатында қызмет алушылардың құжаттарын қабыдауы электрондық түрде жүзеге асыру басты мідетіміз болып саналады.
Осыған орай, ресми құжаттарға апостиль қою үшін жүгінуші азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен 1 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль қою» функционалы іске қосылған.
«Апостиль қою» функционалы арқылы сот актісін қолына алмаған азаматтар сол сотқа сот актісінің көшірмесін қайта беру туралы электронды арыз бере алады.
Соттың архивінде сот актісі бар болған жағдайда оның көшірмесі мен мемлекеттік баж төлеу қажеттігі туралы хабарламаны арызданушының жеке кабинетіне бекіту үшін жібереді.
Егер сұратылып отырған сот актісі соттың архивінде болмаған жағдайда, арызданушыға сот актісі жоқ екені және архив мекемесіне жүгіну қажеттігі туралы хабарлама келеді.
Сонымен қатар, соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Апостилдеу» функционалындағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері бар.