Мемлекеттік қызметші ел айнасы

Н.Камалов
Жаңақорған  аудандық  сотының
жетекші маманы

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 23-маусым-Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті –халыққа адал қызмет ету.Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ  жаратын» әділ болулары қажет.

Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға                                            және  жан-жақтыға  үлгі  болуға  тиіс.

Мемлекеттік қызмет-ең әуелі  үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдауды талап етеді.Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп,  алға ұмтылып отыруы  қажет.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді.Оның ар ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды.

Мемлекеттік қызметші болу-бұл үлкен абырой мен міндет.Кез-келген мемлекеттің жетістігі мен гүлденуі мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және кәсіби қызметіне негізделеді. Осыған байланысты  оны  жетілдіру  мәселелеріне  мемлекеттің  басшылығы  тарапынан  ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моральдық келбеті болуы қажет.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.

Қазіргі  таңда елімізде мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыруға  айырықша   назар аударылып, көңіл бөлінуде.

Сондықтан әрбір  мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті  мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

Related posts