Мемлекеттік қызметші болу оңай жауапкершілік емес. Өйткені мемлекеттік қызметші мемлекеттің бет бейнесі, елдің әлеуеті, болашақтың қызметшісі. Оның әрбір ісі, ұстанымы, жүріс тұрысы, елмен байланысы ешқандай оғаштыққа жолықпауы керек. Мемлекеттік қызметші туралы заң осыны міндеттейді. Соның ішінде халық талап ете алатын бірнеше ғана талаптарына тоқталсақ. Ол мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi деп 10 бапта көрсетілген. Онда мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;
4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
6) қызметтік тәртiпті сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
8) қызметтік әдепті сақтауға;
9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;
10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге міндетті деп көрсеткен. Осы және өзге талаптарды орындай отырып елге адал қызмет жасауы шарт. Бұл мемлекеттік қызметшілерге қатысты халық та анық білуі тиіс талаптар.
Мемлекеттік қызметке келер алдында әрбір азамат осыны өз бойына қалыптастырып, салауаттылық пен әдептілікке бой үйретуі шарт. Өйткені елдің алдында барлығымыз қызметшіміз. Халықтан үлкен, дана жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеті
