Сәкен Сайранұлының қатысуымен кездесулер өтті

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторанты, РАТТ мүшесі Сәкен Салтан Сайранұлының қатысуымен Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылдық мәдениет үйінде, Айдарлы ауылдық мәдениет үйінде , Аманкелді ауылдық әкімдігінде тұрғындарымен, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде АІІБ мамандарымен «Әлеуметтік желі және радикализм» тақырыбында, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінде АТТ мүшелері және тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарларымен «Деструктивті ағымдарды белгілерінен тану» тақырыбында, «Сырдария орталық мешітінде» аудан имамдары және мешітке келушілермен «Радикалданудың факторлары мен дерадикалдандырудың әдістері» тақырыбында, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастары және мектеп түлектерімен кездесулер өткізілді.

Шаралар барысында Салтан Сайранұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдаына жауап беріп, ұсыныс пікірлер айтылды.

Related posts