«Сот кабинеті» – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Қолданушылар сервис көмегімен электронды түрде талап қою арызы, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеумен қатар сотқа электронды түрде жолдаған құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады.
Сондай-ақ, сотқа құжаттарды жолдау кезінде уақыт жағынан қандай да бір шектеу қойылмаған, яғни тұлғалар құжаттарын сотқа кез келген уақытта жолдай алады. Сәйкесінше сотқа тиісті түрде ұсынылған құжат сот кеңсесінің мамандарымен қабылданып, тіркеледі. Тиісінше пайдаланушы ұсынған құжатының статусын байқау мүмкіндігіне ие.
Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Яғни, халыққа ыңғайлы болу үшін «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді. Ендігі кезде авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады.
Оның келесідей негізгі артықшылықтарына тоқталып өтсек:
— «eGovmobile» арқылы ЭЦҚ алу;
— компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы;
— мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеті жоқ;
— мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.
«Сот кабинеті» сервисін енгізудің негізгі қағидаттарының бірі – халықтың сот ақпаратына кеңінен қол жеткізуін, сондай-ақ сот органдарының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі