Бақтияр Есенгелдіұлы Қармақшы халқымен кездесті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24-26 маусым күндері аралығында РАТТ мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, Қармақшы ауданына қарасты Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев, Ақай ауылдық округтерінің тұрғындарымен, Жосалы кентінде Жастар ресурстық орталығы мамандарымен, жастармен және аудандық ішкі істер бөлімінде мамандарымен, Төретам кенті тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Шаралар барысында Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары туралы атап өтіп, ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Related posts