Туған күнмен құттықтау!

Туған күн әрбір адамның жеке мерекесі, маңызды күні, өмір өткелдерінің белгісі. Әрбір туған күнге жету тәңірдің сыйы, өмірдің қазынасы емес пе?!

Міне, сондай сыйлы да, қуанышты күнге Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, құрметті әріптесіміз Халилуллаев Фархат Әбдібағдатұлы келіп отыр.

 Желтоқсан айының 4-ші жұлдызы әріптесіміз үшін жеке мереке. Ордабұзар отыз жасқа келіп отыр. Жас болсаңыз да, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз.

Өзіңіздің іскерлігіңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында үлкен биік белестерді бағындырады деп сенеміз.

Олай болса, құрметті Фархат Әбдібағдатұлы, Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Ортамызда абырой биігінен түспей, шаттықты да бақытты күндерді өткеріп жүре беріңіз. Жүзіңізден күлкі, басыңыздан бақыт кетпесін!

Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз!

Құттықтаушылар «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы

Related posts