Жоқ!- деп айтуды үйрен

Өмір- бізге берілген ең үлкен сый. Осы сыйды гүлдендіріп, жақсылыққа арнау да, немесе өз – өзімізді балталап, тұңғиыққа тастап жіберу де өз қолымызда. Бірақ, қазіргі XXI- ғасырдың ауқымды проблемасына арналған жағдай бұл — нашақорлық. Естігенде атының өзі қорқынышты бұл жағдай қаншама жастарымыздың өмірлеріне кері әсер етті, кей кездерде көрге де жетелейді. Ал енді осы тажалдан бас тарту өз қолымызда. Қыршын жастардың өмірін қиған, бар жақынынан айырған бұл есірткіге «Жоқ!» деп айтуды үйрен, Жас достым. Еліміздің болашағы да, артар үміті де мына біз -жастар! 

Кейде өмірдің иірімін игере алмай, өз-өзіңді түсінбей, тығырыққа тірілгендей боласын. Өмірдің бояуы кетіп, мәні қалмағанда осы есірткіні ұсынатын қылмыскерлер, халық жаулары жетерлік. Қанша қиналсаң да, жығылсаң да, есірткіге «Жоқ!» деп айтуды үйрен! Өз өміріңнің қожасы есірткі емес, өзің бол!

Ойланыңыз достым! Өзіңізге өзіңіз қиянат жасамаңыз. Өмірдің дәл сыналатын тұсында есірткіге бой алдырмаңыз.

Есірткі – бұл бірінші тұзақ. Өзің қаламасаң да мәжбүрлі күйге түсіреді, ерік жігеріңді ұрлайды.

Нағыз нашақорлық қайдан пайда болады? Басында өзіңе керек дүниені тапқандай қуанарсың, бірақ соңында есірткіге тәуелді мақұлыққа айналғаныңды байқау да қиын. Атап өткендей, демек есірткіні бастап, кейін өздігінше тастау өте қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ қатесіз пенде жоқ, сізге көмек беретін арнайы мамандар дайын. Тек бәрі өз қолыңызда. Екіншіден, есірткі арқылы сіз бәрін жоғалтасыз. «Бірінші байлық -денсаулық» дейміз. Міне осы сізге берілген мөлдір судай таза қаныңызды улап, өз психикаңызды құртуыңыз әбден мүмкін.

Есірткіге әбден үйренген қан одан бірден арыла алмайды. Денсаулық өз алдына, ең қауіптісі- өз жақындарыңыздан, (жұмыс,үй,мақсат,арман), тіпті өз-өзіңізден айырылып қаласыз. Ал өз-өзіңізді жоғалтсаңыз қайта аяққа тұру қиын. Сіз барлық адами қасиеттерден айырыласыз. Өз-өзіңізді алдайсыз, кейін оның жетегіне еріп денсаулық та азады. Соңында өзіңізден айырыласыз. Ал өз өміріңіздің өз қолыңызда екенін ұмытпағайсыз!  Сондықтан да осы ең маңызды сәттерде сіздерді тек жақсы және игі істер жасауға, керемет естеліктер қалдыруға шақырамын!

Жүсіпбек Аяла Ермекқызы
М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы

Related posts