Тіл мемлекет айнасы

А.Алмасов
Жаңақорған аудандық сотының аға приставы

         Тіл – халықтың рухани  байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Әркімнің тілге деген құрметін – өз анасына, өз ұлтына, өз Отанынан деген құрметінен білуге болады. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың  басынан  кешкен  дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын  қазына.

Мемлекеттік тілдің қолдану  аясын одан әрі кеңейту  мақсатында сот саласы  қыметкерлерінің  ішкі құжат айналымы толық қазақ тілінде жүргізіледі деп айтуға болады. Сот өндірісіндегі  кіріс, шығыс және ішкі құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір  азаматтың борышы.

Мемлекеттік  тіл – біздің рухани негізіміз. Туған  тілін  мақтан ету, оны  таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің  қасиетті  парызы. 

       Ана-тілі-қасиетті ұғым.Тілді құрметтеудің әліппесі отбасынан бастау  алуы қажет.Сонда өресі биік, өрісі кең болмақ. Жастардың тілі үйренуге талпынысы  көңіл қуантады.Өзге тілде сөлей білу танымыңды кеңейтеді.

      Ана тілі –атамұра.Оған дау жоқ.Бірақ сол қазақтың ішінде өз ұлтының  тілін ана тілім санамайтын да адамдар бар.АНа тілім-қазақ тілі деп айтқанымен , сол тілде бір ауыз білмейтін, айта алмайтын, қазақтар жетерлік.

    Біз үшін ана тілі деген қасиетті ұғым.Ана тілі дегеніміз, күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшілігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихта бірге жасап, оның төл мәденеиетін ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына  түгелдей және жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы.Осы тұрғыдан алсақ, басқа ғана ұлттар өз тілдерін «родной язык, «сүт тілі», «этнос тілі» десе, біз ғана өз ұлтымыздың  тілін «ана тілі» деп атаймыз.

     Тілді жетік білмей, мәдениетті меңгеру мүмкін емес.Жаһандану заманында жаңаартылған бағдарлама талабына орай көп тілді меңгеру-уақыт талабы.Төл тіліңмен қатар өзге тілге  де таяздық танытпау маңызды.

      Қазір өңірімізде тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.Қоғамдық даму басқармасы жанын құрылған облыстық тілдерді оқыту орталығы мекемесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.Курс ересектерге, яғни мемлекеттік қызметшілерге, ерікті қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге, жастар, жүргізеді.

       Көкжиегіңді кеңейткің келсе, тіл үйрен, бірақ ана тіліңді бәрінен биік қой.    

 

Related posts