Неке және отбасы, отбасы құндылықтары

А.Атамбаева
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.
Отбасы әр адамның өмірінде ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. Өйткені отбасы  әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады.
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру тараптардың өзара ерікті келісімі қажет.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс — әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

Related posts