Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Сол жағалау, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында арнайы сертификатталған бала массажы маманы Опабекова Туғанай Жүрсінқызының қатысуымен «Нәресте күтімі» тақырыбында бала денсаулығына арналған кеңес беру, массаж түрлерін үйрету мақсатындағы шеберлік сағатының өткізілді.
Шеберлік сағаты барысынла білікті маман Туғанай Жүрсінқызы балаға жасалатын массаж түрлерін қыр-сырын үйретіп, бала күтіміне қатысты нақты кеңестерді айтып өтті. Нәресте күтіміне ерекше көңіл бөлу соның ішінде, нәрестені шомылдыру және дене тазалығы, нәресте тамағы және осы сында аналарға өте қажет болатын пайдалы кеңестер берді.
Бала массажын үйренемін деушілерге жан-жақты әдіс-тәсілдерді үйретумен қатар, маңызды сұрақтарына жауап беріп, еркін ой-пікір алмасты.

