СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні. Осыған орай бүгін «Тағзым» алаңындағы «Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш» маңында Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды еске алу шарасы өтті. Оған қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Семей полигонының ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы және жастар қатысты.
Шарада қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш өңіріміздегі Семей полигонын залалсыздандыруға атсалысқан ардагерлерге алғысын білдіріп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі.
Семей полигонында жасалған сынақтар нәтижесінде өмірден өткен азаматтардың рухына арнап 1 минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды және гүл шоқтары қойылды.

Related posts