ТҰРҒЫНДАРҒА ЗАҢГЕР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ


⚜️Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 13 қыркүйек күні құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында
№ 4 қалалық емханасында қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
⚜️Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар заңгер Ляззат Майлыбайқызына өздеріне қажетті сауалдарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі туралы ақпараттар алды.
⚜️Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет.

Related posts