Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24-27 қыркүйек аралығында Қызылорда облысында қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарында «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында аудан жастармен сұхбат алаңдары өткізілді.
Шаралар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы баяндама жасап, болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беріп, білімдерді дағдыландырып, жеке тұлға ретінде қалыптасып, еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеуге, Егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін, өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз үшін жемқорлық дертімен күресуіміз керектігін айтты.
Шара соңында қатысушы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

