Тілге құрмет – елге құрмет

Ұлттың тілі сол елдің өмірлік мұраты әрі алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына дарытады. Қай кезеңде болмасын тіл ұлттың қазынасы болған әрі бола да береді. Тілінің қадірін түсіне білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміздің әсем де әуезділігі, естіген жанды елітіп, бойды баурап алар сыйқыры бар. Тарих толқынында атты кітапта «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат  не бар екен?  Ғасырлар бойы қазақтың ұлт  ретінде мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған-оның ғажайып тілі –деген сөзге сүйенсек, осынау ғажап тілдің еліміздің тұғырына нық орнығуына бір кісідей жұмыла атсалысу баршамыздың азаматтық парызымыз әрі қастерлі міндетіміз. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгүнгі де тағдыры. Қазақ тілі  өткірлігімен,  бой балқытып, тамыр шымырлатып жан дүниенді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді  қысыл таяң қатал жағдайда қайрап,егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін елге, ерге медет болып адам түгіл, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл». Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін  білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл — халықтың жаны, сәні тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиеті мұрамыз,  ана тіліміз- қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл — тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекет тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарының бірі әрі бірегейі. 

Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі — ұлттың мәселесі. Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.

Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу қажет. Ал, егер өзіміз бен мемлекет басындағылар керек етпесе, мемлекеттік тіл кімге керек? Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді. 

 Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, оны қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік, ана тілімізді құрметтейік.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Қ.Наурызбай

Related posts