Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры және Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиясымен бірлесе ұйымдастыруымен қарапайым еңбекші ауыл әйелдерінің қатысуымен «Ауыл әйелі-бақ береке бағбаны» атты форум өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – үлгілі отбасыларының еңбек әйелдеріне құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Шара «Анаған тағзым» орталығының алдындағы Ана ескеркішіне гүл қойып, тағзым етуден бастау алды
Шара барысында «Абзал и К» ЖШС-гі өндіріс орындарымен танысып, Қазақстанның еңбек Ері Абзал Ералиевпен пікірлесті.
Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңадан ашылған Оқушылар сарайымен танысты.
Одан әрі, қаламыздағы әйел басшы басқаратын мекемелердің бірі -Қызылорда медициналық жоғары колледжіне барып, студенттермен кездесті. Қонақтар арасында оқу орнында 50 жыл бұрын білім алып, өз мамандығының жемісін көріп, зейнетке шыққан түлектермен пікір алмасты.
Одан әрі, шара «Анаға тағзым» орталығында «Ауыл әйелі-бақ береке бағбаны» атты қорытынды мерекелік кешке ұласты.
Барлық келушілерге арнайы естелік сыйлықтар мен бүгінгі күннің суреттері салынған фотоальбомдар сыйға тартылды.
Еркін пікір алмасу жасалып, отбасы және ұлттық құндылықтар, бала тәрбиесі бағытында әңгіме өрбіді. Психологиялық тренинг өткізіліп, концерттік бағдарламаға ұласты.
Жалпы облыс тұрғындарының 49,8 пайызы әйелдер болса, оның 54,5 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
Облысымызда 141 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 48 мыңнан астамы көпбалалы аналар. Алтын құрсақты аналарымыздың 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері.

