Кассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі туралы

Елімізде 01.07.2025 жылдан бастап Астана қаласында Кассациялық соттар құрылады. Мемлекет басшысы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құруды көздейтін заңға қол қойды. Кассациялық соттар азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын  сақтауға, олардың  құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге  асуда.

Тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер  бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік  таппағандар  шағымдана  алады.  Бүкіл облыстан  аппеляциядан  қаралғаннан  кейін,  олар  Елордадағы кассациялық сотқа өзінің  бағыты бойынша  жүгінетін болады. Cот жұмысына, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына  арызданушылар аз емес. Сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан,  жеңілген тараптың өкіпе-реніші  болатыны айтпасада түсінікті.

Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу сот актілерін  түсіндіру, сот отырысының дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты  біршама төмендеткен еді. Сот төрелігін жергілікті және кассациялық  соттар жүзеге асырады. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Cот-бейтарап, тәуілсіз әділ болуы шарт. Кассациялық  шағымданды  заң бойынша  осыған  құқылы адам, жеке немесе  заңды тұлға шешім немесе үкім шығарған сот арқылы немесе тікелей  кассациялық  сатыға  бере  алады.

Бұл –сот  жүйесінің әділ  жұмыс  істеуіне  кепілдік беріп, азаматтардың  сенімін арттырады. Кассациялық  сот  үш бағытта жұмыс істейді. Қылмыстық, азаматтық және  әкімшілік  істерді  толық  қарайды. Бастама  Президент  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  кассациялық  сотты жасақтау  жөніндегі  тапсырмасынан соң жүзеге асып отыр. Жаңа соттың өз алдына  судьясы  мен  жеке  ғимараты  болады  деп  жоспарлануда.

Б.Қалдыбаев
Жаңақорған аудандық сотының бас маман
сот отырысының хатшысы

Related posts