Елімізде  Судьялардың  IX  сьезі өтті

Ең алғаш 1996 жылы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағы» құрылып, республика  судьяларының алғашқы сьезі өтті.Сот  саласының дамуында судьялар сьезінің алар орны ерекше. Әр төрт жыл сайын саланың кем кетігін түгендеп, келер сьезге дейінгі мақсат жоспарларды  айқындап  беретін жиын дәстүрлі  түрде биыл тоғызыншы рет өткізілді.Бұл сот жүйесі үшін маңызды іс шара.

      Судьялар сьезі- елімізде сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын  бас қосу соңғы рет пандемия кезінде онлайын режимде өткен еді. 

     Биыл 4 қазанда Астана қаласында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының  IX  сьезі  өтті.

       Тоғызыншы сьезге еліміздің түкпір-түкпірінен келген судьялардан  бөлек, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен шетелдік  сарапшылар  да  қатысты.

      Әр төрт жыл сайын өтетін сьездердің мақсаты биік, міндеті ауқымды.Сьезді араға төрт жыл салып ұйымдастырудың да өзіндік мәні, маңызы бар.

      Осыған дейін өткен тоғыз сьездің  де сот жұмысына серпін  беріп, түрлі реформалардың қолға алынуына, көптеген маңызды заңнамалардың қабылдануына  ықпалы зор.

      Мысалға айта кететін болсақ, биылғы IX  сьезд судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауымен тарихта қалады.Ең алғаш Әдеп кодексі судьялардың  бірінші сьезінде қабылданып,кейіннен  заман талабына сай бірнеше рет өзгертілген еді. Ал жаңа кодексте жаңа уақыт талабы  міндеттеп отырған  көптеген  басымдықттар жан жақты ескерілген.

      Мемлекет басшысы Судьялардың жаңа әдеп кодексін қабылдауды қолдады.Судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын белгілеп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайтады.

     Сонымен қатар, елімізде 2025 жылдың шілде айынан бастап  Кассациялық соттар құрылады.Енді апелляциялық сот алқасының шешімімен келіспегендер кассациялық сотқа жүгіне алады.

      Өткен Сьезге қатысып, сөз сөлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот  саласында  атқарылып жатқан жұмыстарға  жоғары баға берді.

     Сот жүйесіндегі әрбір процесс азаматтардың, кәсіпкерлердің, инвесторлардың  мүддесі тұрғысынан  қаралуына, онда тек заңдылықтың ғана  үстемдік  құруының  маңыздылығына  назар  аудартты. 

     Сот жүйесі тәуелсіз фактор, өткені бұл әділ сот төрелігінің, азаматтардың сотқа деген сенімінің басты шарты.

А.Зейнулла

Қызылорда қаласының №2

сотының судьясы

Related posts