Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 18 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орын «Aray City Mall» сауда орталығында акция ұйымдастырылды.Акция барысында қала тұрғындарына құзырлы органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық стикерлер таратылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықтың көріністері орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
