2024 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Баспасөз өкілдерінің қатысуымен пресс-конференциясы өткізілді.
Пресс-конференцияны Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Е.Елшібеков жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап өтті.
2024 жылдың 9 айында – 2759 талап қою, 191 азаматтық іс (2023 жылдың 9 айы – 2563 талап қою, 189 іс), 386 азаматтық іс 2023 жылдан қалдық болып түскен (2023 жылдың 9 айында-402іс).
Демек, ағымдағы жылы түскен талап қою мен арыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 196 талап қоюға, арызға немесе 7,1 пайызға, түскен азаматтық іс 2-ге немесе 1 пайызға көбейгені байқалады.
118 талап қою қабылдаудан бас тартылғаны (2023 жылдың 9 айы — 87),
217 талап қою қайтарылған (2023 жылдың 9 айы — 288),
барлығы 2596 азаматтық іс аяқталған (2023 жылдың 9 айы — 2368),
оның ішінде 1982 шешім (2023 жылдың 9 айы — 1894) шығарылған.
366 іс бойынша тоқтатылған (2023 жылдың 9 айы — 230),
232 азаматтық іс қараусыз қалдырылған (2023 жылдың 9 айы — 229).
Сотқа түскен 2759 талап қоюдың 2754-і немесе 99,8 пайызы электронды түрде түскен талап қоюлар.
Түскен 2759 талап қоюлар (арыздардың) 2421-і немесе 88 % соттың өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалған (2023 жылы 9 айы – 2563 талап қою (арыздың) 2212 ).
2024 жылдың 9 айында 118 талап қою (түскен арыздың 4,3 %) ҚР АПК-нің 151-бабында көзделген негіздер бойынша өндіріске қабылдаудан бас тартылған (2023 жылдың 9 айы — 87).
2024 жылдың 9 айында соттанегізінен 2596 азаматтық іс қаралып, аяқталған (2023 жылдың 9 айы — 2368 іс). Яғни аяқталған істер саныөткен жылмен салыстырғанда 228 іске немесе 9 % көбейген.
Қаралған істер бойынша 2024 жылдың 9 айында сотта судьялармен 1982 шешім (аяқталған істердің 76,3 пайызы)қабылданып, өткен жылмен салыстырғанда 88-ге немесе 4,4 пайызға көбейген (2023 жылдың 9 айы – 1894).
2024 жылдың 9 айындасотта қаралған істердің 232-і (аяқталған істердің 9 %)АПК-нің 279-бабының негізінде қараусыз қалдырылып,былтырғы жылмен салыстырғанда 3 іске көбейген (2023 жылдың 9 айы – 229).
Осы есепті кезеңде 366 іс өндірістен тоқтатылған, оның ішінде бітімгершілік шартпен – 37, медиациямен — 267 (2023 жылдың 9 айы-230, бітімгершілікпен-14, медиация–187).
Судья медиатордың қатысуымен 267 азаматтық іс қаралған.
Сотқа түскен талап қоюлар бойынша барлығы 244 498 841 теңге мемлекеттік баж төленсе, тараптардың медиацияға келіп татуласуына байланысты 110 382 330 теңге мемлекеттік баж кері қайтарылған.
Есептік кезеңде сот судьяларымен 88 азаматтық іс бойынша әр түрлі себеппен заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар мен мекеме қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарым қабылданған. Қабылданған сот актілеріне сәйкес 27 жеке ұйғарым талқыланып, 18 жеке ұйғарым бойынша 55 380 теңге айыппұл, жалпы 996 840 теңге айыппұл салынғаны, 11 іс бойынша ескерту, 4-сөгіс және 4-не қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шаралары көріліп, 1 жеке ұйғарым бойынша тергеп тексеруде.
Есепті мерзімде сотқа түскен талап арыздарды санаттары бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы түрде талдап өтсек, төмендегідей жағдайда жекелеген санаттағы арыздардың саны азайса, кейбір санаттар бойынша көбейген.
Атап көрсеткенде:
Санаттар | Түскен талап арыздың саны | ||
2023 ж. 9 айы | 2024 ж. 9 айы | +/- | |
Мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты даулар | 1257 | 1330 | +73 |
Бюджет заңнамасына қатысты даулар | 208 | 201 | -7 |
Жер қатынастарынан туындайтын даулар | 53 | 126 | +73 |
Келісім-шартқа байланысты туындайтын даулар | 781 | 975 | +194 |
Мәмілелерді жарамсыз деп тану | 62 | 5 | -57 |
Корпоративтік даулар | 31 | 32 | +1 |
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2024 жылдың 9 айында жалпы мемлекеттік мекемелермен 538 131 177 теңге өндіру туралы талап қоюлар беріліп, оның 380 064 900 теңге мемлекетке өндірілген. Сонымен қатар, сот шешімімен «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының талабы бойынша 221 973 226 теңге, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 153 294 212 теңге, Қызылрорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек мобильділігі орталығы» 139 828 326 теңге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 79 476 890 теңге, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы 113 886 818 теңге жалпы барлығы 708 459 472 теңге өндірілген.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Абенов көшесі №19 мекен-жайында орналасқан 0,5874 гектарды құрайтын жер телімі, жалпы ауданы 2085 шаршы метрді құрайтын оқу ғимараты және жалпы ауданы 217,5 шаршы метрді құрайтын шеберхана ғимараты Қызылорда облысының әкімінің қаулысымен «Байқоңыр(Байконур)» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының (әрі қарай – АҚ) акцияларын төлеуге берілген.
АҚ-нің директорларының шешімімен іс бойынша жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестерімен бірлескен кәсіпорынға «Қызылорда қаласында көпбейінді спорттық орталығын құру» инвестициялық жобасын іске асыру үшін шарттар жасалған.
Іс бойынша шарттағы міндеттемелер уақытылы және негізгі мақсаттағы жаба іске асырылмай, жауапкермен аталған жер телімін басқа серіктеске сатылып, шарт жасалған.
Азаматтық іс бойынша негізсіз жасалған шарттардың күші жойылып, бастапқы қалыпқа келтіріліп, аталған жер телімі АҚ меншігіне қайтарылған.
Шара барасында, азаматтық процестік кодекске: істердің соттылығы, оның ішінде біртекті істердің жоғары сатыларда бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қаралуы, аумақтық соттылықтың өзара келісім бойынша өзгертілуі; дауды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу, оның ішінде сотқа дейінгі хаттамалардың жасалуы; сырттай іс жүргізудің алып тасталғаны; оңайлатылған іс жүргізудегі өзгерістер; төтенше жағдайға байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру мәселелері жөнінде түсіндірілді.
Пресс-конференцияны қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілдерінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі