Ағымдағы жылдың 20-22 қараша күндері аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және басқа да діни салаға қажетті мамандарды шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі Абулхайров Исмайл Ибрагимұлының қатысуымен Қызылорда қаласы және Шиелі, Жаңақорған аудандарында түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді.
⚜️Шаралар барысында Исмайл Ибрагимұлы жастарды деструктивті діни ағымдардан сақтандырудың маңызы, жастардың санасына жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, деструктивті діни идеяға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолдары, діни ағымдардың қоғам психологиясына әсері, дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыптары бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

