Апостильдеу және заңдастырудың ерекшеліктері

Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түп нұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді  қамтамасыз  ету болып табылады.

Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында, бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері, нысаны және нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімдемесі Стандартпен  реттеледі.

      ​Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға  ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiнiң талабына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      ​Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат, егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы, көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғаны үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек қажет.

Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль қою» функционалы іске қосылған.

«Апостиль қою» функционалы арқылы сот актісін қолына алмаған азаматтар сол сотқа сот актісінің көшірмесін қайта беру туралы электронды арыз бере алады.

Соттың мұрағатында сот актісі бар болған жағдайда оның көшірмесі мен мемлекеттік баж төлеу қажеттігі туралы хабарламаны арызданушының жеке кабинетіне бекіту үшін жібереді. Егер сұратылып отырған сот актісі соттың мұрағатында болмаған жағдайда, арызданушыға сот актісі жоқ екені және мұрағат мекемесіне жүгіну қажеттігі туралы хабарлама келеді.

      Сонымен қатар, соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Апостилдеу» функционалындағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері  бар.

Қызылорда қаласының № 2 сотының 

жетекші маман Д.Ахметов

Related posts