ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші

⚜️Қызылорда қаласы қоғамдық даму бөлімінің «Азаматтық қоғам институттарының бастамаларын қолдау және қоғамдық-саяси маңызы бар шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында танымдық шара өткізілді.

⚜️Шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жетекшісі Әбдіғапбар Перизат Қанжарбекқызы ашып, сөз кезегін шара спикерлеріне берді.

⚜️Шараға «Волонтёрлер фронт-офисінің» жетекшісі, қоғам белсендісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Жидебай Оңталап Тасболатұлы қатысып, сөз сөйледі.

⚜️Шара соңында қатысушы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмалсты.

Related posts