ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БАЙ ҚАЗЫНАСЫ

Қай адам болсын балалық шағын еске алса, сол бір балдай тәтті кезеңдерін ойнаған ойындарынсыз атап өте алмайды. Қазақ деген керемет халық қой. Бала жас күнінен шынығып, дені сау, ел қорғайтын азамат болып өсіу үшін ұлттық ойынардың түр-түрін шығарған.
Мысалы, Алтыбақан, Айгөлек, Соқыртеке, Теңге ілу, Ақ сүйек, Аударыспақ, Бес тас,
Асық ату, ләңгі тебу, жасырынбақ, қуыспақ, Айкөл, Ортаң күрек айта берсең сан жетпейді.
Бұл ойындардың балалардың ұйымшылдықты, еңбекқорлықты, тапқырлықты, алғырлықты дамытудағы, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы аса зор. Бұл қабілет-қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады.
Ойындар баланың жалпы дене дайындығының жан-жақты дамуына терең әсер беретін құрал. Ойындардың көмегімен жүгіру, секіру, лақтыру, тасымалдау сияқты өмірлік маңызды дағдылардың арқасында жылдамдық, ептілік, күш, төзімділік, икемділік дене қасиеттері жетіледі.
Ұлы ойшылымыз А. Құнанбаев: «бала дүниеге келген соң әке-шешесінің іс-әркетіне еліктей бастайды. Бала өмірінде ойын, әрине, еңбектен бұрын, бірақ қоғам өмірінде еңбек ойыннан бұрын тұрады, яғни еңбектен ойынның жасы үлкен» — дейді. Бұдан түйетініміз ойынның мақсаты баланы еңбекқорлыққа бейімдеу. Ойын адамды шығармашылыққа тәрбиелейді. Қиял мен ұшқыр ой, тапқырлық – бәрі баланың қандай ойын ойнауына тікелей байланысты.
Қазіг кезде мектептерімізде ұлттық ойындар кеңінен қолданылады. Білім, тәрбие бағдарламаларына енген, мектептен және сыныптан тыс, дене тәрбиесі жұмыстарында, спорттық сауықтыру лагерьлерінде ұлттық ойындар қолданылуда..
Балалар ұлттық ойын кезінде ең біріншіден өзінің ұлттық болмысын қалыптастырады зияткерлік, дене және ақыл-ой қабілеттерін артырады. Бала ойын үсітнде ашылады. Мысалы, ойын ойнау шалт қимыл-қозғалысты, тез және дәл ойлауды талап ететіндіктен баланың қозғалу тепе-теңдігі, қимыл мен дағды дамиды.
Ойынның алуан түрлі болғаны ләзім. Әр ойын оқушыға әртүрлі психологиялық әсер етеді. Мысалы, асық ату мергендікті, дене қимылының шапшаңдығын талап етсе, ләңгі тебу секіре отырып аяқ пен қолдың тепе-теңдігін дағдыландырады.
Жалпы оқушылармен жұмыс істеуде ұлттық қозғалыс ойындарының жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бай тәжірибесін қолдануымыз қажет. Ұлттық ойындар халықтық педагогиканың таусылмас қазынасы. Дәстүрі мен салты. Ұлттық ойында икемділік, ептілік, шыдамдылық, табындылық бәрі бар.

Жайдар ЖОЛАХАНОВ,
Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Related posts