Әдеп кодексі — мінсіз қызмет кепілі

Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азамат жоғары деңгейдегі жауапкершілікті сезініп, бар уақыты мен өмірін елге қызмет етуге арнайды. Өйткені оның өз талаптары мен шарттары бар. Ең бірінші білімді әрі білікті болу болса, одан кейін әдепті әрі сыпайы болуға міндетті. Сонымен қатар адал да ізденімпаз болып, бар күшін ел дамуына ғана сарпт етеді. Міне, бүгіндегі мемлекеттік қызметкерлер осы талаптың үдесінен шығып, талаптарымен жүріп келеді. Бағыт бағдар белгілі. Ол жөнінде арнайы заң да, талаптар мен шарттар да бар. Онда Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары деп мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Осындай талаптар мен шарттарды қатаң ұстанғанда ғана ат үстіндегі азаматтар мінсіз қызмет етіп, ел көңілінен шығатыны сөзсіз. Әрбір мемлекеттік қызметкер халықтың қызметшісі десек, сол халық бағалаушы да, құрмет тұтушы да болады. Сондықтан ел алдындағы қалтықсыз қызмет әрбірімізді биікке шығара берсін.

К.Еспенбетова,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Related posts