А.Рахметбек
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман, сот отырысының хатшысы
Қазақ тілі сүбелі сөзге, мақалға, шешендік сөздерге бай, соның бірі «Анам берген туған тілім, атам берген құрал тілім», «Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты» деген мақалдармен бастағым келеді. Туған тіл – әр адамның рухани тұғыры, оның мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне, болмысына терең байланысы бар құндылық. Туған тілдің мәні тек сөздер мен сөйлемдер емес, ол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан ерекшеліктерін сақтап қалу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Біздің ата заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақсатан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Туған тіл – ұлттың тұғыры, оның негізі. Егер әрбір азамат өз тілін құрметтеп, оны қолданса, онда тілдің мәртебиесі көтеріледі.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, қоғамның жан жақты салаларында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында нақты қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтап, қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу.