Қазақстан Конституциясына – 30 жыл

Д.Алиев
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Биыл еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық дамудың берік іргетасына айналды.

Конституция – халқымыздың ерік-жігерін білдіретін басты құжат. Онда Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі айқындалған. Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдігі, заңның үстемдігі мен билік тармақтарының теңгерімі осы құжатта көрініс тапқан.

30 жыл ішінде Ата Заң елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуының негізін қалады. Конституцияның арқасында елімізде азаматтық қоғам қалыптасты, адам құқықтарын қорғау жүйесі жетілді, сот билігінің тәуелсіздігі мен әділдігі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жылдар бойы қоғамдағы өзгерістерге сай Конституцияға бірнеше рет толықтырулар енгізілді. Бұл – елдің даму жолында уақыт талабына сай бейімделе білудің көрінісі.

Ата Заңның 30 жылдығы – әрбір қазақстандық үшін тарихи мереке. Бұл мерейтой бізге Конституцияны құрметтеудің, оның қағидаттарын күнделікті өмірде ұстанудың маңызын еске салады.

Related posts