Н.Ибраев
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы
Сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттың абыройы мен беделін сақтау — әрбір азаматтың құқықтық міндеті. Сондықтан сотқа құрметтемеушілік әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабына сәйкес, сот процесі кезінде судьяның заңды талабына бағынбау, сот тәртібін бұзу, сотты немесе сот процесіне қатысушыларды қорлау секілді әрекеттер үшін айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.
Бұл норма сот отырыстарында тәртіп пен әдептілікті сақтау, сондай-ақ сот билігінің беделін қорғау мақсатында енгізілген. Сотқа құрмет көрсетпеу – тек судьяға емес, тұтас құқықтық мемлекет принциптеріне құрметсіздік болып саналады.
Қорытындылай келе, сотқа құрмет таныту – әрбір азаматтың мәдениеті мен құқықтық санасының көрінісі. Ал сотқа құрметтемеушілікке жол бермеу – әділдік пен заң үстемдігін қорғаудың маңызды кепілі.
