Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде а.ж. 11 мамыры күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қармақшы, Қазалы аудандарында «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Астана қаласының заң консультанттары палатасының заңгері Байменов Нұрсұлтан Шаяхмедұлы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды