ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен ҚР ІІ министрлігі Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Еркін ой-пікір форматында өткен кездесуде Шамшидин Егенбердіұлы өзінің қызмет барысымен таныстырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, әкімшілік жазаларды орындау туралы айтып өтіп, ҮЕҰ өкілдерінің Заң аясында қойған сұрақтарына жауаптарын берді.

Related posts