Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 19 шілде күні ол жағалау 5а, ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында, 20 шілде күні Шиелі аудандық «АМАНАТ» партиясының ғимаратының мәжіліс залында, 24 шілде күні Арал аудандық «АМАНАТ» партиясының ғимаратының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдардың өз жұмыстары туралы мастер-класс өткізілді.
Сонымен қатар үкіметтік емес ұйым басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарып жатқан бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында өз ұсыныстарын айтты.

