3 күндік  «Тәтті тағам» оқыту курсы өтті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз  ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс — шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 25-27 шілде күндері аралығында Қармақшы ауданында сертификатталған кондитер маман Ахауова Фариза Алибековнаның жүргізуімен қыз-келіншектерге арналған 3 күндік  «Тәтті тағам» оқыту курсы өткізілді. 

Фариза Алибековна курс барысында өзінің кәсіп бастау жолын, мемлекеттік грантқа қалай қатысқандығын айтып, өз кәсібіндегі тәжірибелерімен бөлісті және қыз-келіншектерге кондитерлік тағамдарды пісірудегі қыр-сырларын үйретті.

Курстың мақсаты – аудандағы қыз-келіншектерді, оның ішінде профилактика объектілерін кәсіптің белгілі бір түріне үйрету, мемлекеттік грант негізінде өз кәсіптерін бастаудың алғышарттарына үйрету болып табылады.

Оқыту курсына 15-тен аса қыз-келіншектер қытысып, сертификаттар табысталды. Қатысушылар ұйымдастырушы ұйымға және Фариза Алибековнаға өз алғыстарын, жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақыттада осы сынды оқыту курстарын өткізуге пікірлерін білдірді.

Related posts