Байұловтар отбасымен кездесу

Облыстық қоғамдық  даму  басқармасының  «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамыз ету, тұрғындар арасында бірлікті әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту»   әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 27 шілде күні «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық жеңімпазы, облыстық номинант Байұловтар отбасымен  кездесу өтті. 

Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темір­қазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің маңызын айқындаған. Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. 

Байұловтар отбасы 6 бала тәрбиелеп отырған, ғалымдар отбасынан құралған өнегелі отбасына сауалдар қойылып, пікір алмасты.

Related posts