Сырдария аудандық спартакиада ұйымдастырылды

31 шілде күні Сырдария аудандық спорт мектебінің базасында Қоғамдық даму бөлімінің «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Салауатты Қазақстан» атты ресми тіркелген діни бірлестіктерге келушілер (жамағат) арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды.
Спартакиадаға Сырдария ауданының барлық ауылдық округтері және кент тұрғындары қатысты. Барлығы 11 команда.


Мәдениет және спорт бөлімінің ұсынған төрешілерінің шешімі бойынша келесі орындар анықталды:
І орын – Сәкен Сейфуллин ауалының құрамасы – 100 000 мың теңге;
ІІ орын – Нағи Илиясов ауылының құрамасы – 70 000 мың теңге;
ІІІ орын – Іңкәрдария ауылының құрамасы – 50 000 теңге.
Қалған қатысушыларға 15 000 теңге көлемінде сыйақы беріліп, төрешілердің қызмеақысы төленді.
Арнайы Сырдария ауданының бас имамы Мадиев Айбек Тынымбайұлына, аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төрәлиев Жеңісбекке және бөлімнің бас маманы А.Мешитбаеваға алғыс білдіреміз.

Related posts