Медиация – даулардың шешудің ең  тиімді жолы

Медиация – даулардың шешудің ең тиімді жолы

     Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы  28-қаңтарда қабылданып, бүгінгі  күні  елімізде  қолданылуда. «Медиация туралы« Заң Қазақстан  Республикасында медиацияны ұйымдастыру  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін  реттейді.

     Медиатор дегеніміз, тәуілсіз бейтарап, істің  нәтижесіне  мүдделі  емес,  медиация  тараптардың   өзара  келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне  қосылған  және  медиатордың  функцияларын  орындауға  келісім берген  жеке тұлға.

      Медиация-дауларды шешудің ең тиімді жолы болып табылады. Тараптардың  өзара  қолайлы  шешімге  қол  жеткізуі мақсатында бейтарап тұлға медиатордың  көмегімен  келіссөздер  арқылы дауларды реттеу рәсімі.

     Медиация қолдану саласы- медиация рәсімі азаматтық, еңбек отбасылық және өзге де құқық  қатынастарынан  туындайтын, сондай ақ,  онша ауыр емес және ауырлығы  орташа  қылмыстар  туралы істер бойынша қаралатын дауларда  жүргізіледі.

      Медиация-тараптардың  медиатордың  жәрдемдесуімен дауды  сотқа дейін, соттан тыс, сот, алдын-ала  тергеу  және  анықтау жұмыстарын  жүргізу  барысында  қолданылатын  рәсім.

        Қоғамдық  қарым-қатынаста  екі адам дауды өздігінен, шеше алмай, одан  әрі ушықтырып, соңынан сотқа жүгінеді. Бұл сот  тәжірбиесінде  жиі кездесетін  жағдай. Сот отырысында судья қатысушыларды тыңдап, өз шешімін  шығарады. Алайда  бір  тарап  қанағаттанбауы  мүмкін.  Сол себепті, дауды шешу  барысында екі жақты  қанағаттандыратын  нәтижеге қол жеткізу үшін  медиацияға жүгіну ұсынылады.

     Медиация жүргузу  алдында  медиатор оған дайындық жүргізеді.Даудың шығу себебін анықтау  үшін  екі  жақтың пікірін толық тыңдайды. Тараптардың талабына байланысты дауды шешетін, тараптарды бітімгершілікке  келтіретін  жолдарды   таңдайды. Дауды шешуде медиатор  бейтарап  қағидасын  ұстануы  тиіс. 

     Медиацияны  жүргізу  тараптардың  өзара  келісімі   бойынша  және олардың арасында медиация  туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

К.Абдуллаев,
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы

Related posts