Пневматикалық мылтықтан оқ ату спорттық сайысы өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 04 тамыз күні Әскери техникалық мектепте ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында пневматикалық мылтықтан оқ ату спорттық сайысы өткізілді.

Батырларға құрмет көрсетіп, ерліктерін насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған бұл шараға ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, оның ішіндегі «Невада-Семей» қозғалысы филиалының өкілдері, «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы» және қалалық «Чернобыль» ұйымының өкілдері белсене қатысты.

Сайыс жеңімпаздарына дипломдар мен жүлделі сыйлықтар, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Related posts