Еліміз саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайластық жемқорлық деген зұлымдықпен күресу болып отыр.Сондықтанда мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Бұл әрқайсымыздың ерік-жігерімізге де байланысты. Мейлі сіз жеке кәсіпкерсіз бе, мемлекеттік қызметшісіз бе, Отанға деген ыстық махаббатыңыз алдыңғы орында болғанда ғана біз ұрпағымыз алдында қарыздар емеспіз, адал, өз міндеті мен борышын орындаған буын болып қалыптасамыз.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алы-натын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, мектеп жасында балалары бар отбасына жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал ететін фактор болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға байланысты Қорқыт ата мемориалды музейінде тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізіліп және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Медет Әмірбеков,
Қорқыт ата мемориалды
музейінің экскурсоводы