Әжеме арнау!

Әжетайым!

Бүгін қолыма қалам алып сізге деген лебізімді қағаз бетіне түсіруді ұйғардым.

Сіз туралы менің айтарым көп.

Менің бойымдағы сізге деген немерелік сезім үнемі ойландырады, толғандырады.

Әр баланың әжелері бар.

Бірақ сіздей әже ешкімде жоқ, білесіз бе?!

Мен сізбен мақтанамын!

Сыр өңірінің мақтанышы, Қармақшылық күрішші-диқан Сіздің есіміңіз — бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есім!

Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, өз заманында үлкен мәртебе саналатын Кеңестік  Социалистік Республикалар Одағының Халық депутаты, қайраткер болған батыр әжемді бүкіл сыныптастарыммен, достарым біледі.

Күріш өсірумен қатар, 11 баласына мейірімін төгіп , «Ғасырдың батыр анасы» болған сіздің өмір жолыңыз жастарға үлгі болады деп ойлаймын.

Білесіз бе,  мен 3- сынып оқысам да , шешім қабылдау керек кезде:”Мен «Еңбек батырының» немересі емеспін бе?” — деп, өзімді қайрап аламын.  

Әжетай, сіздің немереңіз болғаныма мақтанамын!

Сіздің кеңпейіл, аппақ көңіліңізден шыққан ізгі ақ бата, тілектеріңіз шарапатты болып, қолдап-қорғап жүрсін.

Сіз бізге биіктен қарап, жақсымызға жадырап, жаманымызға тұнжырап тұрғандай көрінесіз.

Біз де сіздің аналық кең құшағыңызды, мейірім төккен жүзіңізді, нұрлы бейнеңізді әрдайым есте сақтаймыз!

Еліңізге, халқыңызға арнаған тілегіңіз қабыл болып, өзіңізге пейіштің төрінде жүргейсіз деп тілейміз.

Болашақта өз жолымды сізге ұқсап, анама ұқсап халыққа арнаймын.

Турсунова Мариям
 «Ziyatker»  инновациялық мектеп-лицейінің 4 «Ә» сынып оқушысы

Related posts