Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп

Берік АСЫЛОВ,Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы­ жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған. Одан бөлек, біз ел Пре­зидентінің ин­вес­тициялық жобаларды сүйемелдеу, биз­несті қорғау жөніндегі және басқа да тапсырмаларын орындап келеміз. Ұрланған активтерді мемлекетке қай­тару туралы тапсырманың маңызын ерекше атаймыз. Былтыр «Заңсыз иемденілген актив­терді мемлекетке…

Read More

Қазалыда автокөлік өртеніп кетті

30 шілде 2024 жылы сағат 22:00 өткенде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Жанадилов көшесі N18 мекенжайында жеңіл автокөлік өртенді. «Audi-80» маркалы автокөлікті 22 сағат 09 сағат өткенде өрт сөндірушілердің күшімен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталуда.

Read More

1 гектар жер өртенді

2024 жылдың 31 шілде күні 17 сағат 33 минут өткенде Сол жағалау шағынауданында ашық жерде 1 гектар алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт оқшауланды. Қатты жел мен жоғары ауа температурасына қарамастан, өртті сөндірді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт ауыздықталып, зардап шеккендер жоқ.Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар!

Read More

Жастар ресурстық орталығында семинар өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 31 шілде күні сағат 11.00-де Сол Жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Алға басқан азаматтық қоғам» атты оқыту семинары өткізілді.Семинар барысында қазіргі таңда өте қажетті тақырыптар «ҮЕҰ-дың дерекқорына» тіркелу, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар порталымен» жұмыс жасау және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Мемлекеттік гранттарына өтінімдер жазу, тапсыру», мемлекеттік сатып алу порталында ҮЕҰ-ды бағалау критерийлеріне қарай бағалау жолдары бағыттары бойынша ақпараттар берілді.Семинарды тренер «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»…

Read More

Мемлекеттік тіл – менің тілім!

Көркем Мұханбетқали ЖамбылқызыҚызылорда қалалық сотының жетекші маманы Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігімен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгітаңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.…

Read More

Сот каникулы пилоттық  жобасы

Е.Шекербеков,Қызылорда қалалық сотының судьясы Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот жүйесі әділдікті барынша объективті, ашық және жария түрде жүзеге асырады. Сондықтан, сот жүйесіндегі іргелі жобалар мен жаңашылдықтар жүзеге асырылып отырады.  Сондай жаңашылдықтардың бірі ретінде «сот демалыстары» жобасын атап өтуге болады. Бұл 2019 жылдан бастап сот ісін жүргізуге біртіндеп енгізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іргелі жобаларының бірегейі. Аталған жобаны алғашқылардың бірі болып Қостанай облысының соттары жүзеге асырды. Тәжірибе көрсеткендей, жоба жазғы демалыс кезінде соттың жұмысын ұйымдастыруға өте ұтымды болып отыр. Жоспарға сай, аталған жоба биыл еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі…

Read More

Виртуалды сот — бүгінгі заман талабы

Г.Досан,Кызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Заманына қарай амалы демекші қазіргі көз ілеспес дамып жатқан заманда ел көшіне ермесең есеңнің кетері анық. Ал, әлемнің дамуы адамзаттың уақытын тиімді пайдалануға бар жағдайды жасауда. Біздің еліміз сол дамудың бел ортасында келе жатқаны жалған емес. Қазір баяғыдай иін тірескен кезек, пора пора қағаз, сабылып сарсылған халық жоқ. Үйден шықпай ақ керек құжаттарыңды толтырып, қағаздарыңды ала аласың. Мұндай жетістіктерге әуелгілерден болып сот саласы қол жеткізген болатын.Президенттің өзі халыққа жолдауында мемлкеттік органдарда цифрландыру керектігіне тоқтап, сот билігі заман талабына ілесуі керек,…

Read More

ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 29-30 шілде күні Шиелі, Сырдария аудандарында «ҮЕҰ мен еріктілер — қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел модераторы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ — ның жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Айтмамбетова Айжан “Үкіметтік емес ұйымдар — үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін, әдетте қоғамдағы маңызды мәселерді алдыға шығарып, оларды шешуге ұмтылған еріктілер тобы құрған бейкоммерциялық ұйымдар. Бұл ұйымдар жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік деңгейде құрыла алады. Үкіметтік емес ұйымдарға ортақ адам…

Read More

Туған тілім – тірлігімнің айғағы

М.ЖусупбековаҚызылорда қаласының№2 сотының сот әкімшісі  «Туған елім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссетілім, менде бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев атамыз жырлағандай, тіл қай елде болса да құрметті, құдіретті.  Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың  бастауы.  Тіл – халықтың рухани  байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Әркімнің тілге деген құрметін – өз анасына, өз ұлтына, өз Отанынан деген құрметінен білуге болады. Ана тілі – анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарып, жүректің терең сырларын, халықтың  басынан  кешкен  дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын  қазына. Қай халықтың болмасын…

Read More

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 24 шілде күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде А5 форматтағы ақпараттық стикерлер және А4 форматтағы бүктемелі жадынамалар таратылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл — әр бір азаматтың міндеті. Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған…

Read More