Алихан Қаныбек,Жаңақорған аудандық сотыныңжетекші маманы Қазақстан әрбір үшінші неке дерлік ажырасумен аяқталады.Ортақ меншікті бөлу қаншалықты қажет екенін болжау оңай пәтерлер егер ерлі-зайыптылардың біреуі болса Енді жылжымайтын мүлікті классикалық бөлуден басқа, ерлі-зайыптылар үлестерді және үлестерді бөлумен айналысады сотта.Жылжымайтын мүлікті бөлуді неке бұзылғанан кейін де, некеде тұрған кезде де ерікті түрде жүзеге асырылады.Сонымен бірге, сот мүліктің көп бөлігін күйеуіне немесе әйеліне қалдырылуы әбден мүмкін-бұл балалардың кіммен тұратына байланысты.«Неке және ерлі-зайыптылық туралы» 32-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі, егер Кодекстің 33-тармағына сәйкес олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Некеде жиналған мүлік ортақ…
Read MoreСПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін ҮЕҰ ресурстық орталығында Қызылорда облысының денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Сейлов Жанмұрат Жақсымұратұлы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтарына жауап берді. Кездесуде Жанмұрат Жақсымұратұлы басқарманың негізгі функцияларымен таныстырып, спорт және туризм саласының қазіргі бей-жайы және аталған салаларды дамыту бағытындағы жоспарлары туралы айтып өтті. Аймақ экономикасына ықпалы зор туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар, Сыр өңіріндегі туристік маршрут, олардың қаржыландыруы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бұқаралық спорт, паралимпиадалық спортты дамыту, жас спортшыларға қолдау білдіру бойынша да сауалдар жолданып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар сала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын…
Read More«Қазгермұнай» БК » ЖШС Қостанай облысына көмек көрсетті
«Қазгермұнай» БК » ЖШС су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсету үшін компания қызметкерлері ұжымы мен кәсіподағының күш-жігерін біріктірді. Кәсіпорын қызметкерлері жинаған ақша мен компания бөлген қаражатқа эвакуацияланған халықты орналастыру үшін қажетті матрацтар, жастықтар, көрпелер, құтқару операцияларын жүзеге асыруға арналған тауарлар: ПВХ арматураланған қайықтар, қайықтарға арналған моторлар, резеңке етіктер мен қолғаптар, құтқару кеудешелері, маңдайға тағатын фонариктер сатып алынды. Сондай-ақ, ҚГМ құрылыс материалдарын нығайту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жіберді: аккумуляторлардағы бұрағыштар, дөңгелек аралар, ұстасы бар балғалар, профпарақтары, желден қорғау, құбырлар, өздігінен бұрап тұратын бұрандалар, биттер, электродтар, ағаш…
Read MoreХалық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық плакаттар таратылды
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” әлеуметтік жобасы аясында аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында А3 форматта ақпараттық плакаттар шығарылып, халық көп шоғырланатын орындарға таратылды.
Read MoreШиеліде «Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында ү.ж. 12 сәуір күні «Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ» тақырыбында Шиелі индустриалды аграрлық колледжі және Шиелі аудандық көп бейінді орталық аурухана мәжіліс залында кездесу өткізілді.Негізгі мақсаты: аудандық тұрғындар, мекеме қызметкерлер мен студенттер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру,…
Read MoreЖасанды дем беру – жаңа өмір сыйлау
Нұрылда ЖеміскүлОблыстық перинатальды орталықАнестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөлімі, мейіргер Қазақта жазым қайда, аяқ астында деген сөзбар. Сондықтан тосыннан болатын әрбір қауіптен сақтанумен қатар жазатайым жазым басқан адамға қолұшын созатындай да білігіміз болуы керек. Біреу бір жағдайға тап болса сасып тұрмастың да қамын ету керек. Соның бірі оқыс оқиға уақытында кездесетін Жүрек-өкпе реанимациясы.Жүректің уақытша тоқтап қалуы түрлі жағдайлардан болуы мүмкін. Қатты қорқудан, соққыдан не суға ағу кезінде. Мұндайда көп адам не істерін білмей абдырып қалатыны сөзсіз. Ал, ол өз кезегінде қиындыққа тап болған адамның өмір сүру мүмкіндігін азайтады. Ал, дер кезінде…
Read MoreЗаңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымына қатысты
Д.Алиев,Қызыорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Замана көші алға ілгерілеген сайын бұрын-соңды естіп-білмеген дүниелер көбейіп келеді. Олардың арасында адамзатқа пайдалысы да зияны да көп. Ең қауіптісі зиянының көп болғаны. Осы зияндардың ішінде ерекше орын алатыны – есірткі мен нашақорлық. Шығу тегі мен мерзіміне қарағанда кеше ғана өмірге келген зат емес. Бұрыннан жер бетінде басқа өсімдіктермен қатар өмір сүріп келеді. Алғашында дәрілік шөп ретінде медицинаға пайдаланған бұл өнім – уақыт өте келе жүйке жүйесіне әсер ететін затқа айналды. Ғылымда есірткіні адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған…
Read MoreСуықтан сақтан
Ділдахметова Наргиз БейішбекқызыҚызылорда Теміржол емханасының медбикесі Беттен өткен суықтың дәті жаман болады дейтінді үлкендер. Ол айтып отырғанының бірі әрі жиі кездесетіні мұрын ауруы синусит немесе гайморит деген кесел ғой. Бұл бір бір қарағанда пысылдап, ентіктіріп жүре беретін ауру болып көрінуі мүмкін. Алайда, бұл да өте қатерлі дерттердің бірі. Мұны медицинада төртке бөліп қарастырады. Олар: жоғарғы жақ, маңдай, этмоидит және сфеноидитты деп аталады. Бірінші аталған жоғарғы жақ синуситы – гайморит дерті деп аталады. Бүгінгі таңда гайморит мазалайтын науқастар саны аз емес. Қарапайым адамдар дерттің белгілерін өзге инфекциялық аурулармен көбірек шатастырады. Себебі,…
Read MoreҚұнарлы ас қуат береді
Нәлібаева Мөлдір ЖШСФ АҚ филиалы, Теміржол емханасының жүкті әйелдерді қарау бөлімінің акушері Құрсағына бала біткеннен бастап ерекше қамқорлыққа алатын бұрынғы аналар мен әжелер келінінің тамақтануы мен сақтануынан бөлек көңіл күйіне, астағы құмарлығына және астың құнарына ерекше көңіл бөлген. Себебі, баланың денсаулығы анасының ішкен жеген асына, қимыл-қозғалысы мен көңіл-күйіне тікелей қатысты. Сондықтан ас тәттісі мен жылы жұмсағын келініне кеукеулеп жегізетін болған. Бұның қазіргі медицина да нақтылап, дәлел дәйегімен келтіре отырып мәзірлеп қойды. Мәселен жүкті ана күніне 2100 ккал қуат көзін қажет етсе, өз кезегінде, жүкті әйел 2500 ккал қуат көзін талап…
Read MoreӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ — ӘДІЛЕТ САЛАСЫ
Бүгін Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығында Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Бәкішева Ирина Жұмабайқызы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтары мен мәселелеріне жауап берді. Кездесуде Ирина Жұмабайқызы департаменттің негізгі функцияларымен таныстырып, ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңды тұлғалармен жұмыс жасаудың жолдары, оларды тіркеу, лицензиялау және сертификат берудің ережелері туралы баяндады. Сонымен қатар, аймақ тұрғындарының құқықтық қорғалуына көмек көрсету мақсатында азаматтық, қылмыстық және отбасылық мәселелер бойынша заң көмегін көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қатысушылар сала басшысына өздерінің қордаланған сұрақтарын қойып, әділет саласындағы қызмет жүйелерінде жол берілген бірқатар…
Read More