Мемлекеттік тіл елдікдің алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына жеткізеді. Қай уақытта болмасын тіл елдің қазынасы болған әрі бола да бермек. Тілінің қадіріне жете білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміз ғажап, естіген жанды елітер, бойды баурап алар сыйқыры бар әсемдігі тағы бар. Елбасымыз тарих толқынында атты кітабында «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат қымбат не бар екен? …
Read MoreӘлеуметтік сала қызметкерлері күні
Құрметті әріптестер! Сіздерді «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні» кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Адами ізгі қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр да қиын салада қоғамның әлсіз топ өкілдеріне барынша көмек қолын созып, жүрек жылуын ұсынып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтарға қажетті қолдау беріп, еңсесін тіктеуде оларға болашаққа деген үміт сыйлап халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірдей болған әлеуметтік сала қызметкерлері өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен орындап жүрсіздер. Әлеуметтік салада әртүрлі мамандық иелері жұмыс жасап жүргенімен, оларды біріктіретін ортақ нәрсе – жүрек жылуы. Расында, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу…
Read MoreТіл тағдыры — өз тағдырың
Әрбіз азамат өзіңнің ана тіліне қамқоршы, қолдаушы боуы шарт. Өйткені өз тілі әрбір жанның руханияты, болмысы, биіктігі болып қала бермек. Қазақ тілі де әрбіз қазақ үшін, қала берді қазақстандық үшін қастерлі ұғым. Тіл тазалығы ұлттың ғана емес, мемлекеттің де тағдыры екенін ұмытпауымыз тиіс. Заңымызда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi деп көрсетілген соң баршамызға ортақ құндылық.Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп тайға таңба басқандай етіп көрсеткен. Қазақстан…
Read MoreШарықтайды еркін қырандай
Қазақтың тілі құт, байлығы береке, шуағы шаттық. Шұрайлы тілдің шарықтай беруі содан. Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті, рухани және тарихи құндылығы. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары дейміз масаттана. Тіл-өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық деседі тіл мамандары.Иа, расында қазақ тілінің өсуіне, өркендеуіне ешкімнің, ешқашанда кедергі келтіруіне қақысы жоқ. Ол Заңмен қорғалған. Мәселен Тіл туралы Заңның 7-бабында: «Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол бермеу Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi» деп тайға таңба басқандай…
Read MoreЕсірткісіз бақытты, жарқын болашақ!
ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҮНДЕУ Мен, Құрманғалиұлы Дәуір, Қызылорда қаласы, Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студентімін. «Есірткісіз бақытты, жарқын болашақ» атты балалар және жасөспірімдер арасындағы есірткі тұтыну және таратуға қарсы болуын қолдау үшін өз үндеуімді жолдаймын. Құрметті, жас достар! Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық — бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін өмірден көріп, біліп жүрміз. Есірткіге әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етіп, қайғыға батырады.…
Read MoreАрдагер азаматтар арасында турнир өтті
Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагер азаматтар арасында тастаяқ турнирі өткізілді. Батырларға құрмет көрсетіп, ерлігін елге насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында ұйымдастырылған сайысқа 20-ға жуық ардагер қатысты. Шаршы тақтада шар қуғандар арасында ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің, Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері (ГКӘТ, ВКӘТ)» РҚБ облыстық филиалының, «Қызылорда…
Read MoreЕнді мамандандырылған ХҚО-ларда теориялық емтиханды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді. Бұл жаңашылдық «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарның жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады. Бұл ретте, бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілгенін атап өтеміз. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында…
Read MoreТараптарды сотқа шақыру тәртібі
Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы, сот кабинеті немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін. Электрондық пошта мекенжайы…
Read More«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні Әскери техникалық мектептің алаңында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты жастармен патриоттык акция өткізілді. Патриоттық акцияға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің студенттері мен жетекшілері, Қызылорда Авицина Медицина колледжінің студенттері жетекшілері, Қызылорда Болашақ университетінің студенттері мен жетекшілері және Әскери техникалық мектептің курсанттары қатысты. Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагер ағаларымыз Әскери техникалық мектептің директоры Рахметулла Мұхамбетов, Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Read MoreҰлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өтті
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қазан күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Қожанов Рахат сөз сөйлеп, қатысушыларды сайыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға 5 команда қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс төрешісінің қорытындысы бойынша…
Read More