Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (16 жасқа толған) дактилоскопиялық тіркеу

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (16 жасқа толған) дактилоскопиялық тіркеу мына құжаттарды ресімдеу кезінде міндетті рәсім болады:
✓ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін;
✓ Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын алу үшін;
✓ Азаматтығы жоқ адамның куәлігін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін;
✓ Уақытша тұруға рұқсат алу үшін;
✓ Қазақстан Республикасының визаларын алу үшін (Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы алынатын және ұзартылатын);
✓ Пана іздеген адамның куәлігін алу үшін;
✓ Босқын куәлігін алу үшін;
✓ Босқынның жол жүру құжатын алу үшін;
Шығарылуға жататын немесе реадмиссия тәртібімен қайтарылатын (жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес) адамдар да дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен кезде шетелдіктерде немесе азаматтығы жоқ адамдарда жеке басын куәландыратын құжат, ол болмаған кезде растау және дактор тіркеуге жіберу туралы анықтама болуға тиіс.

*Сондай-ақ, егер шетелдік азамат өзіне сенімхат негізінде жеке сәйкестендіру нөмірін алуды көздесе, аталған сенімхат арқылы ЖСН алу жарамсыз деп танылады.
Яғни, шетелдік азаматтарға ЖСН қалыптастыру мемлекеттік корпорацияға қызмет алушының тікелей өзінің қатысумен жүзеге асырылады.

Related posts