Сыбайлас жемқорлықтың алдын алумыз қажет

А.Алмасов
Жаңақорған аудандық сотының
бас маманы аға сот пристовы

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ.

Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуыда. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барша ел азаматтарының азаматтық борышы.Қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күрес жүргізуіміз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Халық парақорлық дертіпен жиі күресуде.

Жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.

Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда–бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.Жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі-оның алдын алу болып табылады.Оны тек бірлесіп қана жеңе аламыз.

Related posts