МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар орталығының базасында 1 маусым күні жергілікті мешіт жамағаттарымен «Дін және тарих» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

Сайысқа қала мешіттерінен  15 команда қатысып,  150 жас бақ сынады.

Интеллектуалды сайыстың мақсаты  —      жамағаттықтардың ауызбіршілігін, бірлігін арттыру,  танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру болып табылады. 

Сайыс барысы 5 кезең бойынша оның ішінде логикалық сұрақтар, ислам және ғылым тарихы, ұлттық мәдениеттің негізі- салт дәстүр, алаштықтар аңсаған күн, қазақстандағы жер атауларымен қамтылған, 100 сұрақтан құралды.  Сұрақ құрастырушылар аймақта беделді, әрі қоғамда орны бар тұлғалар «Сыр дидары» газетінің бас редакторы- Алдашбаев Сәкен Мінуәрұлы, №3 мектеп лицейі, тарих пәнінің мұғалімі Аманғали,  Қызылорда қаласы «Нұр» мешітінің имамы Сүлейменов Берік Мәдиұлы қатысушылардың зейінін көтеруге мүмкіндік қалыптастырды.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде, әділ қазылар алқасының анықтауымен  15 топ арасынан «Алдажар Жәме» мешітінің командасы бас жүлдені иеленді.

Ал, жүлделі I орынды «Мақтұм сейіт» мешітінің жамағаты алса, II орынды Қарауылтөбе ауылдық округі мешітінің командасы еншіледі.

«Қалмұхаммед Ишан» және «Ыбырайым молда» мешіттерінің жамағатына III орын бұйырса, IV орынға «Әл Уали» және ««Ерназар Мақсұм» мешіттерінің командалары тұрақтады.

Сайыс соңында жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Жастар орталығының үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің маманы Ерасыл Мамырұлы сайыс қатысушыларына арнау арнап, көтеріңкі көңіл күйге бөледі.

Жалпы, мұндай сипаттағы іс-шара мешіт жамағаты арасындағы бірлікті нығайту және білімнің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Related posts