АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ: ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында, «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі мен Қазақстан үшін даму мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының қоғамдық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы және Тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Яхияұлы спикер ретінде қатысып, ғылыми тұрғыда Қазақстан Республикасында атом электр станциясының құрылысын жүргізудің мәні мен маңыздылығына тоқталып, атом электр станциясы тұрақты электр энергиясының көзі болғандықтан, елімізде оны салатын кез келгенін, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесімен бөлісе отырып, атом электр станциясының салынуы ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын түсіндірді.
Шараға қатысқан Үкіметтік емес ұйым төрағалары мен ардагерлері атом электр станциясының құрылысын жүргізу кезеңдерінде ашықтық пен әділеттілік ұстанымдарын алға тарта отырып, оның қауіпсіздігіне мән беру, мамандарды даярлау және қалдықтарды басқару секілді мәселелерді талқылап, елімізде атом электр станциясын салудың маңыздылығын айтып, өзара пікір-алмасты.

Related posts