Ж.Аскарова
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған
сотының бас-маманы, сот отырысының хатшысы
Әрбір саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Сот отырысының хатшысы болу жауапты міндет екенін айта кету керек. Себебі азаматтарға қатысты істер бойынша сотқа келіп түскен сәтінен бастап, оның аяқталуына дейінгі атқарылатын жұмыстардың 50-пайызы хатшымен орындалады. Яғни істің тағайындалуы, тараптарға жолдануы, тараптарды сот отырысына қатыстыру үшін хабарлама жіберу, анықтау, сот отырысын ұйымдастыру, тараптар сот отырысына қатыспаған жағдайда анықтау т.б. жұмыстар жатады. Осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы – ол әр сот отырысының хатшысы өз қызметін мінсіз істеуі. Жалпы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында да мемлекеттік аппарат құру жолында мемлекеттік қызметкерлердің біліктігілімен қоса адамгершілігі де жоғары деңгейде болу керек. Өйткені адам қанша білімді болғанымен, өз еліне жаны ашымайтын болса, онда ол нағыз сот отырысының хатшысы бола алмайды. Қазіргі уақытта кез-келген азамат жасына, ұлтына қарамастан сот отырысының хатшысы бола алады, сондықтан әр тұлғаның бір қателігі немесе бір жетістігі ол сот жүйесінің абыройы екенін білген жөн.