⚜️Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 15-16 қыркүйек күндері Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы-эксперт дінтанушы, теолог, РАТТ (республикалық ақпараттық түсіндіру тобының) мүшесі, “Экстремизм:ғылыми-тәжірибелік акспектілер” еңбегінің авторы аудан тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен дін қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
⚜️Шаралар барысында ғаламтор зияны мен пайдасы сөз болса, еңбек ұжымдарымен кездесуде, «Елге қызмет қылу — міндет» екендігі айтылды. Соның ішінде: «Дінімізде қолыңа берілген мүмкіндікті адал пайдалану туралы айтылады. Билік те соның қатарында. Әрбір адам белгілі бір лауазымға келгенде адал еңбек ету туралы уәде береді. Әр қызметтің лауазымдық нұсқаулығы бар. Егер сол нұсқаулық бойынша жұмыс істесе, пара деген пәле болмас еді. Құқықтық мемлекетте заң жемқорлыққа қалай тыйым салса, әлемдік діндердің қай-қайсысында да оны үлкен күнә ретінде қатаң айыптайды. Бұл – өзіңіз айтып жатқан әділ қоғам құруға қарсы бірден-бір ауыр қылмыс. Қолдағы қызмет – бізге берілген аманат. Аманатқа қиянат қылу – үлкен күнәлардың бірі. Жеке бастың пайдасы үшін ұлттың байлығы мен қазынасына қол салу – одан да үлкен қиянат. Мұндай құқық бұзушылықтарға бармас үшін әрбір адамның бойында отаншылдық және ұлтқа, елге деген жанашырлық сезімі болуы керек. Әділетті Қазақстан құрудың негізі осында. Бұл мәселені тек заңмен тыйым салу арқылы түбегейлі шешу қиын. Ең алдымен адамның өз ішкі қарсылығы болуға тиіс»,- екендігі айтылды.
⚜️Шара соңында өзара пікір алмасулар болып, қойылған сауалдарға жауап берілді.


